Рисунок
Анна Франктың «Пана: Хат түріндегі күнделік» кітабы аясында өткізілген «Ең үздік эссе» байқауының жеңімпаздарын марапаттау

    2021 жылдың 24 ақпанында кітапханада Холокост кезінде қаза тапқан кішкентай еврей қызы Анна Франктің күнделігі бойынша өткізілген  «Ең үздік эссе» байқауының жеңімпаздарына алғыс хаттар салтанатты түрде тапсырылды. Еврей халқының геноцидіне қатысты тақырып Академия оқушыларының жүректеріне терең әсер етті. Олар өздерінің күрсініске толы сырлары мен  толғандыратын ойлары жайлы «Түйсігі  терең Анна және Китти күнделігі»,  «Анна Франк күнделігі туралы терең сыр» атты эсселерінде жазды.

    «Үздік эссе» байқауына 8 «А» және 9 «А» сынып оқушылары қатысты. Тәуелсіз комиссия Мұрат Аружан, Юсупов Абай, Төлеп Гүлнұр, Бақыт Меруерт, Майырбекова Нарқыздың жұмыстарын  ең үздік деп таныды.

    Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! Сіздердің басқа адамға деген  жаңашырлық сезімнің болуы ­үлкен құрметке лайық! Сіздің жүректеріңіз адамгершілікке, батылдық пен сүйіспеншілікке толы болсын!

1



Яндекс.Метрика