Рисунок
Библиосумерки

                                                            «Библиосумерки2019»

 

28 қазан - Халықаралық мектеп кітапханаларының күніне орай Академия кітапханасында «Библиосумерки – 2019» шарасы өтті.

Библиосумерки - бұл кешкілік уақытта кітапханада балаларға оқуға қолдау көрсету мақсатында өткізілетін іс-шара.

Шараға Академияның 4-8 сынып оқушылары қатысты. Бұл күні кітапханада әртүрлі алаңдар: «Әдеби джем», «Кaraoke баттл», «Performance and Tales Room» жұмыс істеді.

Аталмыш шарада «Full House» ағылшын тілі клубының мүшелері белсенді атсалысты. Сондай-ақ оқушылар Хэллоуин мерекесін де атап өтті. Балаларды арнайы аквагрим маманы бояумен әрлеп, оқушылар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енді.

Әдеби джем алаңына оқушылар үштілде жұмбақтар мен көркем шығармаларға байланысты жасалынған викторина сұрақтарына жауап берді.   Балалар интеллектуалды деңгейлерінің жоғарылығын көрсетті.

Караоке баттл алаңында топтар арасындағы ән байқауы ұйымдастырылды. Бұл алаңда оқушылар үштілде ән айтып өз өнерлерін көрсетті.

Performance and Tales Room алаңынада балалар топтасып ағылшын тілінде ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдады. Сондай-ақ әртүрлі сувенирлер мен ойыншықтардан өз ертегілерін құрастырды.

          BookFace конкурсында оқушылар кітап мұқабасындағы суретті толықтыру арқылы өз шығармашылықтарын ұсынды.

PazzleBook – кітап мұқабасынан дайындалған пазлдарды құрастырды.

Хэллоуин – халықаралық мерекесіне орай балалар әртүрлі ертегі образдарына енуі;

Шара соңында оқушылар белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ кітапхананың «Үздік оқырман - 2019» дипломымен Бектемиров Мадлен марапатталды.

Бұл шара балаларға ұмытылмас кеш пен қуаныш сыйлады.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



Яндекс.Метрика