Рисунок
«Библиосумерки – 2022» акциясы

                                                                                                          «Библиосумерки – 2022» акциясы

          Көптен күткен «Библиосумерки-2022» акциясы 4 мамыр күні Хореография академиясының кітапханасында өтті. Шараға 5-7 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара кітапханалық квест түрінде өтті.

           Акцияда «Шифрланған әріптер» квест-ойыны, «Ертегі пазлдары» сайысы, «Эрудиттер бөлмесіндегі»  әдеби сайыс, театр байқауы ұйымдастырылды. 

          «Гримёрка» театр аймағында мереке қонақтары аквагримнің көмегімен түрлі образдарда өздерін сынап көрді.

          Осыдан кейін ең  қызықтысы басталды: оқушылар  әр түрлі сайыстарға қатысты, олардың негізгі тақырыбы, әрине, кітаптар болды.  Қатысушылар тамаша білім, ынта мен белсенділік танытты. «Театр станциясы» шығармашылық алаңында қатысушылар ертегілерден шағын көріністер қойды.

         «Библиосумерки-2022» мектеп-колледж оқушыларының жалынды флеш-мобымен аяқталды.

          Акцияның қонақтары мен қатысушылары шаттанып, «Библиосумерки - 2022» кітапханадағы ерекше кеш туралы ең жақсы естеліктерді сақтайды және әрбір қатысушы кітапхана   бұл нағыз мәдени орталық, қызықты, танымдық және шығармашылық кездесулер орны екеніне  көз жеткізді деп ойлаймыз!

                   

 

1

1

1

 

 

1

1

1

1



Яндекс.Метрика