Хореография академиясының кітапханасында
«Найди книгу» ойыны өткізілді
18 қазанда Хореография академиясының кітапханасында 5А сынып оқушылары арасында «Найди книгу» ойыны өткізілді.
Ойынның мақсаты – шығарманың үзіндісі бойынша кітапты кітап сөресінен табу. Кітаптан алынған үзінділер «Академия оқушыларына оқуға ұсынылған 100 кітап» тізімінен дайындалды. Бұл ойын оқушыларға ерекше әсер етіп, олардың ой-өрісін дамытып, жағымды эмоциялар тудырды.
Мұндай ойындар кітапқа деген қызығушылық тудырып қана қоймай, сонымен қатар, ойын элементтерінің арқасында кітаппен жұмыс істеуді пайдалы әрі қызықты іс-әрекетке айналдырады. Бұл әсіресе оқуға деген қызығушылық төмендеген кезде өте маңызды.