Рисунок
Кітап – баға жетпес сыйлық…

                                                               Кітап – баға жетпес сыйлық…

    Кітапханаға кітап сыйлау мен меценаттықтың дәстүрі ғасырлар бойы сақталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Академия кітапханасының қорын толықтыру көздерінің бірі –  кітап сыйлау.
    Жыл сайын біздің кітапхана Академия оқытушыларынан, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалардан сыйға тартылған басылымдарды алады.
    Гульнара Юсуповна Саитова бірнеше жылдан бері кітапханамызға тамаша кітаптар сыйлап келеді.  Осы жолы да оқырмандарымызға  «Восточные танцы» кітабын сыйға тартты. Бұл оқу-әдістемелік құрал «Хореография» мамандығы бойынша білім алатын жоғары және орта оқу орындарының студенттеріне арналған.  Оқу құралы 3 бөлімнен тұрады: өзбек, ұйғыр және үнді биі.
        Кітапхана Гүлнар Юсуповнаға осындай керемет сыйлық үшін үлкен алғыс білдіреді! Сізге игілік пен шығармашылық табыстар тілейміз!

 

 

 

1



Яндекс.Метрика