Рисунок
Кітапханаға сыйға кітаптар тапсырылды

           «Кітапханаға кітап сыйла»  акциясының аясында Академия кітапханасының қоры экономика саласы бойынша жаңа электрондық басылымдармен толықтырылды.

          Электрондық кітаптарды экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, РАН Халықаралық менеджмент академиясының академигі Бабажанова Жанат Абдулманаповна кітапханаға табыс етті. Сіздердің назарларыңызға автордың электронды кітаптарын ұсынамыз:

           1. Бабажанова Ж.А. Әлеуметтік мәдени сервистегі жоспарлау;

         2.Бабажанова Ж.А. Ойын-сауық және демалу индустриясындағы тұтынушылардың қылығы;

          3. Бабажанова Ж.А. Турагенттік және персонал менеджменті

          4. Бабажанова Ж.А. Презентациялар мен кездесулерді ұйымдастыру мен басқару тәсілдері;

           5.Презентациялар, слайдтар: Туризм, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және экономика пәндері бойынша/ Құрастырушы  Бабажанова Ж.А.;

           6. Бабажанова Ж.А., Рахметуллина Ж.Б.  Туризм индустриясындағы зияткерлік капиталды басқару.

         Электронды кітаптар әлеуметтік-мәдени сервис, туризм және демалу индустриясына қызығушылық танытатын ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне пайдалы болады.

             Жанат Абдулманаповнаға  шын жүректен алғыс білдіреміз!

 

1



Яндекс.Метрика