Рисунок
Танысболыңыз, жаңа кітаптар!

         А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі Хореография академиясының кітапханасына құнды, әсем көркемделген кітаптар сыйлады. Оқырмандар назарына ұсынылып отырған «Қазақстан хореографиясының алтын бесігі» атты көркем фотокітап кәсіби хореографиялық білімнің алтын ұясы­­–А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесініңқалыптасу тарихына арналады. Училище оқытушылары жазған мақалаларда тұңғыш рет  осы хореографиялық оқу орнының 80 жылдан астам тарихы алғашкы қадамынан  бастап, бүгінгі күніне дейін баяндалады.

         Сыйғаберілгенекіншікітап - ОлзоеваИшпулиКавкуловнаның «Живут во мне воспоминания...» атты мемуарлары. Ишпуля Кавкуловна - А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің классикалық және халықтық-сахналық пәндерінің аға оқутышысы. Балалар үйінің тәрбиеленушісі, А.Селезнев пен А.Ваганованың шәкірті Ишпуля Кавкуловна өз естеліктерінде ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өміріндегі оқиғаларды егжей-тегжейлі сипаттайды.

 

1

 

2



Яндекс.Метрика