Рисунок
Web of Science ақпараттық платформасымен жұмыс істеудің негізгі дағдылары: ғылыми ақпаратты іздеу және мақала жариялауға журналды таңдау

2019 жылдың 8 қазанында Академия кітапханасында «Web of Science ақпараттық платформасымен жұмыс істеудің негізгі дағдылары: ғылыми ақпаратты іздеу және мақала жариялауға журналды таңдау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинардың жаттықтырушысы - Кенжина Инеш - Clarivate Analytics халықаралық компаниясының ақпараттық ресурстар сарапшысы.

            Семинар барысында оқытушы цитаттық талдауды дұрыс жүргізу мүмкіндіктерін көрсетті, олардың көмегімен маңызды зерттеулер, жұмыстарды жариялауға арналған перспективалық және рейтингтік журналдарды табу жолдарын айтты. Ол сонымен қатар Web of Science мәліметтер базасын пайдалану туралы, Хирш индексін есептеу әдістері туралы кеңестер берді және семинарға қатысушылардың түрлі сұрақтарына жауап берді.

 

web1

web2

web3



Яндекс.Метрика