Рисунок
Халықаралық кітап сыйлау күні

                                                                                  Халықаралық кітап сыйлау күні

 

2021 жылдың 15-ақпанында Хореография Академиясының кітапханасында «Халықаралық кітап сыйлау күні» мерекесі өтті. Бұл мереке әлемдегі ең жас мерекелердің бірі болып табылады. Мереке идеясы американдық Эмми Бродмурдан ұлы: «Адамдар бір-біріне кітап сыйлайтын күн неге жоқ?» - деп сұрағаннан кейін пайда болды. Енді бұл бастаманы бүкіл әлем қолдайды!

Бұл күні Академияның бірінші және екінші сынып оқушылары бір-біріне кітаптар сыйлады. Күн өте қызықты өтті. Педагогтар, әдеттегідей, осы маңызды іс-шараға белсенді қатысты. Мектеп-колледж оқушыларының қатысуымен флеш-моб ұйымдастырылды. Осы акцияға өз үлестерін қосқан: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор Саитова Гульнара Юсуповнаға, «Хореография» факультетінің деканы Тургинбаева Айтолқын Несіпбековнаға, «Хореография» деканының орынбасары Кабдусова Дина Ериковнаға, «Режиссура» факультетінің 2-курс студенті Серікбай Арманға, бірінші және екінші сыныптардың сынып жетекшілері Байбосынова Райгуль Ескалиевнаға, Тулюбаева Мадина Сериковнаға, Бакирова Майра Бабакумаровна мен Кимпеисова Ләззат Бекенқызына, сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына үлкен алғысымызды білдіреміз! Мереке өте қызықты өтті! Балалар өздерінің сүйікті кітапханаларының іс-шараларына қатысуға ниет білдіріп, керемет көңіл-күймен үйлеріне қайтты.

 

 

1

 

1



Яндекс.Метрика