Рисунок
Танысыңыздар, жаңа кітаптар!

                Академия кітапханасының қоры "Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі", "Этический кодекс исследователей образования Казахстана" атты жаңа басылымдармен толықтырылды.

         Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы (KERA) Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебімен әріптестікте Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексін әзірледі.

         Кодекс – отандық білім беру саласындағы зерттеушілердің қызметін кәсіптік және әдеп тұрғысынан реттеудің алғашқы қадамы.

         Кодексте зерттеу саласындағы әдеп нормаларына қатысты ұғымдарға түсінік беріліп, зерттеушілердің құндылықтары мен ұстанымдарына, әдеп ережелеріне, сонымен қатар зерттеу жүргізетін ұйымдардың жауапкершілігіне қатысты толыққанды ақпарат ұсынылған. Сондай-ақ  кодекстердің қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық толық нұсқаларын   мына сілтемеден жүктей аласыздар: https://kera.kz/ru/novosti/opublikovan-kodeks-etiki-issledovatelej-obrazovaniya-kazahstana

2



Яндекс.Метрика