Рисунок
Надежда Филаретовна фон Мекк атындағы Халықаралық қайырымдылық қоры президентінің сыйға тартқан кітаптары

Надежда Филаретовна фон Мекк атындағы Халықаралық қайырымдылық қоры президентінің сыйға тартқан кітаптары

 

         22 қарашада Академия кітапханасына баспагер, ағартушы, меценат, Надежда Филаретовна фон Мекк атындағы Халықаралық қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Денис фон Мекк келді.

         Денис Андреевич фон Мекк  –  фон Мекк отбасыларының ұрпағы, Чайковский, Давыдовтар, фон Мекк қорының негізін қалаушы, П.И. Чайковскийдің жанкүйерлер бірлестіктерінің негізін қалаушы, П.И. Чайковский атындағы оқу орындарының қауымдастығын құрудың бастамашысы.

         Денис Андреевич кітапханаға құнды басылымдарды сыйға тартты: Е.Ерофеева-Литвинская. Непридуманная фабула;  Конволютъ фонъ Меккъ №1: Е.Берлянд-Черная. Пушкин и Чайковский.  И.Бэлза. Пушкинские традиции русской музыки;  Сизко Г. Петр Ильич ЧайковскийАльманахъ. Выпуск № 1(1)/2019.

         Атақты адамдардың өмірі мен шығармашылығының беймәлім тұстарын осы кітаптардың беттерінен  оқи аласыздар.

         Денис Андреевичке кітапханаға сыйға тартылған кітаптар үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

1

2

3

4



Яндекс.Метрика