Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.


  • "Бір ел - бір кітап" - 2017. Жыл кітабы - С.Торайғыровтың шығармалары;
  • «Бір ел – бір кітап» - 2016. Жыл кітабы – Д.Бабатайұлының шығармалары;
  • «Бір ел – бір кітап» - 2015. Жыл кітабы – І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы;
  • "Бір ел - бір кітап" - 2014. Жыл кітабы - С. Мұратбеков "Жусан исі" және "Басында Үшқараның...";
  • "Бір ел - бір кітап" - 2013. Жыл кітабы - Ф. Оңғарсынова "Дауа";
  • "Бір ел - бір кітап" - 2012. Жыл кітабы - О. Бөкей. О. Бөкей шығармалары;
  • "Бір ел - бір кітап" - 2011. Жыл кітабы - Ж. Аймауытов "Ақбілек";
  • "Бір ел - бір кітап" - 2010. Жыл кітабы - Ж. Молдағалиев "Мен - қазақпын";
  • "Бір ел - бір кітап" - 2009. Жыл кітабы - М. Жұмабаев. М. Жұмабаевтың лирикасы;
  • "Бір ел - бір кітап" - 2008. Жыл кітабы - М. Әуезов "Қилы заман";
  • "Бір ел - бір кітап" - 2007. Жыл кітабы - Абай "Қара сөздер".


Яндекс.Метрика