Толық қолжетімді электронды ресурстар


Springerғылым, техника және медицина саласына мамандандырылған халықаралық баспа. Қорында 10 миллионнан астам ғылыми құжаттар бар. Springer link Springer баспасынан шыққан әртүрлі білім салалары бойынша электрондық журналдардың толық мәтінді жинағына қол жеткізуге мүмкіндік беретін платформа.

URL: http://link.springer.com/


«Scopus»библиографиялық, реферативтік деректер қоры және ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалардың дәйексөзін қадағалау құралы. Техника, медицина және гуманитарлық ғылымдар бойынша әлемдегі 5 мыңға жуық баспадан шығатын 18 мыңға жуық ғылыми басылымдардың жиынтығы. Scopus ғылыми журналдарды, конференция материалдарын және сериялы кітап басылымдарын индекстейді. Scopus иесі әрі әзірлеуші - Elsevier баспа корпорациясы.

URL: www.scopus.com


ScienceDirect Elsevier баспасының ғалымдарға, оқытушылар мен ғылыми ізденушілерге арналған толық мәтінді деректер қоры. ScienceDirect — ғылымның барлық салалары бойынша 2500-ден астам ғылыми басылымдардың 14 миллионнан астам жарияланымдарын және Elsevier баспасынан шыққан 37 000-нан астам кітаптарына қол жетімділікті қамтамасыз ететін мультидисциплинарлық платформа.

URL: http://www.sciencedirect.com/


Web of Science — реферативтік-библиографиялық деректер қоры. Web of Science - жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік, гуманитарлық және өнер салалары бойынша материалдарды қамтиды. Платформа библиографиялық ақпаратты іздеуге, талдауға және басқаруға мүмкіндік береді. Құрамында 18 мыңнан астам журналдар, олардың ішінде (импакт-факторы бар 12 мыңнан астам), сондай-ақ 70 000-нан астам конференциялар, 71 000-нан астам ғылыми монографиялар бар.

URL: http://webofknowledge.com



Яндекс.Метрика