Рисунок
7 mamyr

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай, Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында 6 «А» сынып оқушыларымен «Еркін елдің ұланымыз» тақырыбында ашық сабақ оздырылды.


Сабақтың мақсаты – оқушыларды Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Кітапхана қызметкері Асан Амангелдиев Отан қорғаушылар күнінің шығу тарихы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы, Қазақстан Республикасының әскери құрылымы, әскери басқару органдары, Қарулы Күштердiң түрлерi туралы баяндап, мағұлмат берді. Сабақ барысында балалар Learning apps бағдарламасы арқылы «Қазақ батырлары» және «Әскери техникалар мен қару-жарақтар» атауы жасырылған интеллектуалды ойындармен қатар кроссвордтар шешті. Сондай-ақ, оқушыларға кітапхана қорындағы әдебиеттерден «Егемен елдің қорғаны – Қарулы күштер» атты кітап көрмесі таныстырылып, «Отанды қорғау мемлекеттің маңызды қызметі» атты деректі фильм көрсетілді.
Сабақ соңында оқушылар «Keyword Hexagon» әдісімен бүгінгі сабақтан түйген ойларын қағаз бетіне бейнеледі.



Яндекс.Метрика