Рисунок
Академия кітапханасының қоры жаңа басылымдармен толықты

                                              Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық  кітапханасынан сыйға түскен кітаптар

 

         Академия кітапханасының қоры жаңа басылымдармен толықты: Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимылдар кезеңі» (3 томдық) еңбектері,  «Қазақ әлемі» (I том), «Мир казахов»(II том). Аталмыш басылымдарды біздің кітапханаға  табыстаған Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына алғысымызды білдіреміз!

          «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты еңбекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің  экономикалық өсімін қайта қалпына келтіру мақсатымен қолға алған бастамалары, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекеттің алдында тұрған міндеттері жөніндегі ұшқыр ой-пікірлері, сондай-ақ, әлемдік маңызы зор халықаралық жиындарда сөйлеген сөздері топтастырылды.

         «Қазақ әлемі», «Мир казахов» кітаптарында туған жерінен алыс, туыстары мен достарынан  мыңдаған шақырым бөліп жатқан әлемнің әр түрлі елдерінде тұратын адамдардың сағыныш сезімі, елеулі жетістіктері туралы баяндалады.

 

 

 

1

2

3

3

2



Яндекс.Метрика