Рисунок
Отбасымызбен бірге оқимыз

   Қазақ ұлттық хореография академиясы кітапханасында «Оқуға құштар Академия – оқуға құштар ұлт» акциясы аясында «Отбасымызбен бірге оқимыз» жобасы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты - оқуды насихаттау, оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Отбасылық оқу атмосферасы балалардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеудің негізгі факторы болып табылады. Отбасылық оқу, анасымен бірге кітап оқу-балалық шақтың ұмытылмас уақыты, жас баланың болашақтағы сәтті тағдыры.

   Аталмыш жобаны 1-ші "Б" сынып оқушысы Сафия Есім бастады, оның анасы үйдегі кітап оқуды бейнеге түсіріп, балаларымен бірге Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» атты тамаша кітабының үзіндісін оқыды.

   Осы жобамен бірге қазақстандықтардың отбасында отбасылық оқу мәдениеті жаңғыра бастайды деп үміттенеміз! Біз барлық ата-аналарды осы керемет дәстүрге қосылуға шақырамыз! Баршаңызға отбасыларыңызды кітаптар әлемімен таныстыру ісінде сәттілік тілейміз!

 

ф



Яндекс.Метрика