Рисунок
Super қыз

           Танысыңыздар, жана кітап: «Super қыз. Шабыт берер хикаялар»

 

         Академияның кітапхана қоры «Super қыз. Шабыт берер хикаялар» жаңа кітабымен толықтырылды.   Академия ұжымы кітап авторы, «Болашақ» қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Динара Чайжунусоваға біздің кітапханаға осы жинақты сыйға тартқаны үшін алғысын білдіреді. 

                Бұл жинақта Қазақстанның рухы мықты, танымал жəне талантты қыз-келіншектері туралы баяндалады. Кітапта əр түрлі салада: ғылым, саясат, спорт, медицина  және өнер саласында,  азаматтық қоғамда үлкен жетістікке жеткен айтулы қыз-келіншектердің өмірінен 50 хикаят жинақталған. Кітапқа академиямыздың ректоры Алтынай Асылмұратованың өмір тарихы енген.

         Кітаптың мақсаты – қызғалдақтай желкілдеп өсіп келе жатқан қыздарымызды өзін-өзі дамытуға, терең білім алуға, алдына биік мақсат қойып, соларға жеткенше тынбай еңбек етуге тəрбиелеу, шабыттандыру.
         Бұл кітап – қыз-келіншектерге, жалпы әйелдер қауымына таптырмас нұсқаулық, пайдалы ақпарат көзі болып табылады.

         Аталмыш  жинақ  қыздарды күшті, ақылды болуға, алға ұмтылуға, өзіне жаңа мақсаттар қоюға шабыттандырады.

         Кітапта танымдық ақпараттан басқа практикалық бөлім де бар – онда дұрыс мақсат қою және эмоционалды интеллект бойынша жаттығулар берілген.

 

в

 



Яндекс.Метрика