Рисунок
Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

2019 жылдың 11-қазанында Қазақ ұлттық хореография академиясы кітапханасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына жастардың назарын аудару, әлемдік бестселлер болып табылатын және мемлекеттік тілге аударылған кітаптар мен оқу құралдарын насихаттау болып табылады.

Дөңгелек үстелге Академиямыздың оқытушы профессорлар құрамы мен студенттер қатысып, жобаның маңыздылығын баяндап, өз пікірлерін білдірді.

Академия кітапханасына келіп түскен 30 жаңа оқулықпен танысу барысында бұл оқу­лық­тарды әлемнің үздік оқу орындары: Кембридж, Гарвард, Оксфорд және Мәскеу университеттерінің сту­­денттері кеңінен пайдаланатындығын, осы оқулықтарға  мем­ле­кет­тік тілде қол жеткізуіміз өте маңызды екендігін және жастардың сана-сезімі, ойлау қабілеттері мен біліктіліктерінің артатынын атап өтті.

 

1

2

3

4

5



Яндекс.Метрика