Рисунок
Халықаралық кітап сыйлау күні.

                                                       Халықаралық кітап сыйлау күні

     Бүгін 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл мерекенің басты мақсаты адамзатты кітап оқуға шақыру.
Әлемде 30-дан астам елде тойланатын бұл мерекеге Қазақ ұлттық хореография академиясы да өз үлесін қосты. Бұл шараға Академиямыздың профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, студенттер мен магистранттар және докторанттар қатысып, атсалысты.

    Іс-шараны дайындау және ұйымдастыруға Жастар істері жөніндегі комитеттің белсенді студенттері – «Арт-менеджмент» мамандығының 1-курста оқитын Кенжебаева Дана, Алимкуль Жибек  және  2 курс студенті Есеев Нуржан көмек көрсетті. Кітап сыйлау мерекесі қатысушыларға ұмытылмас әсер мен ерекше қуаныш сезімін сыйлады. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз.
      Бұл акция біздің Академиямызда дәстүрге айналады деген сенімдеміз! (Назарбаев зияткерлік мектептері кітапханаларының тәжірибесінен)

 

 

1

2

34

5



Яндекс.Метрика