
Book Bingo: кітап оқуға қызығушылықты арттыратын ойын
Академия кітапханасында 5«Б» сынып оқушылары арасында Book Bingo ойыны өтті. Ойынға Академия білім алушыларына оқуға ұсынылған 100 кітаптан тұратын тізім негіз болды.
Қатысушылар тізімнен өздеріне таныс шығармаларды таңдап, олардың атауларын ойын кестесінің ұяшықтарына жазды. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты.
Ойын қорытындысы бойынша 5 «Б» сыныбының екі оқушысы Book Bingo жеңімпазы атанды.
Көңілді әрі тартысты өткен ойын оқушыларға әдебиет әлеміне қызығушылық танытып, кітап оқуды қызықты форматта насихаттауға мүмкіндік берді.