«Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі

«Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі

Қазақстан Республикасы күніне орай Хореография академиясының кітапханасында «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

         Көрменің мақсаты – оқырмандардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, еліміздің тарихы, мәдениеті мен жетістіктері туралы білімдерін кеңейту.

         Кітап көрмесіне Қазақстанның тарихы, табиғаты, мәдени мұрасы, мемлекеттік рәміздері мен болашағына арналған басылымдар қойылды. Олардың қатарында «Казахстаника», «Казахстан с небес», «Жерұйық – Благодатная земля», «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері» және «Казахстанский путь – 2050» атты кітаптар бар.

         Ұсынылған әдебиеттер оқырмандарға туған жердің бай тарихымен танысып, еліміздің табиғи сұлулығы мен жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.

         Республика күні – еліміздің мемлекеттілігі мен ұлттық бірлігін айқындайтын маңызды мереке. «Менің Отаным – Қазақстан» кітап көрмесі оқырмандарды туған жерін сүюге, ел тарихын құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге үндейді.