«Ыбырай Алтынсарин – ұлт ұстазы»
Қазақтың көрнекті педагогі, жазушысы, ақын Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин – ұлт ұстазы» тақырыбында танымдық шара өтті.
Шараға 6-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы, қазақ даласында білім беру ісінің дамуына қосқан үлесі туралы мәлімет алды.
Шараның негізгі бөлімінде «Keyword Hexagon»
(«Кілт сөздер гексагоны») әдісі бойынша танымдық ойын ұйымдастырылды. Оқушылар алтыбұрыштарға жазылған кілт сөздерді өзара байланыстырып, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары мен олардың тәрбиелік мәнін талдады. Өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Танымдық шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ұлт ұстазының өмір жолы мен әдеби мұрасын тереңірек танып-білуіне ықпал етті.
(Назарбаев зияткерлік мектептері кітапханалардың тәжірибесінен.)