Кітапхананың негізгі міндеті – Академияның көпбейінді білім беру деңгейіне сәйкес сапалы кітапхана қорын жинақтау, оқырмандар үшін қолайлы ақпараттық орта қалыптастыру, ақпаратқа қолжетімділік ұсыну, кітапхана қызметін автоматтандыру, электрондық кітапхана қорын құру.
Қазіргі уақытта кітапхана Академияның ақпараттық, білім беру және мәдени орталығы болып табылады.
Қазіргі таңда кітапхананың 60 мыңға жуық кітап қоры бар. Кітапхана қорында Қазақстандық және шетелдік профессор-оқытушылардың ғылыми еңбектері, оқулықтар, монографиялар, классикалық көркем шығармалар, педагогикалық әдебиеттердің дәстүрлі және электрондық түрдегі нұсқалары, ноталар және мерзімді басылымдар бар. Кітапханадан 60-қа жуық қазақстандық және шетелдік газет-журналдарды күнделікті оқуға болады.
Академия кітапханасында конференциялар, тренингтер, сондай-ақ, халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады.