Меню

Ресурстар


Толық қолжетімді деректер қоры

ЭКЖ Лань Оқытудың әртүрлі бағыттары бойынша оқу, ғылыми, кәсіби әдебиеттер мен мерзімді басылымдардың жетекші баспалары кітаптарының электронды нұсқаларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.


Coursera бұл американдық жаһандық ашық онлайн курстар ұсынатын платформа. Ол 2012 жылы Стэнфорд университетінің компьютерлік ғылымдар профессорлары Эндрю Ын мен Дафна Коллердің негізінде құрылған. Coursera - әлемнің түкпір-түкпіріндегі жеке тұлғалар мен ұйымдарға икемді, қолжетімді және кәсіби бағытталған онлайн оқытуды ұсыну үшін 300-ден астам жетекші университеттер мен компаниялармен серіктестік жасайды.


Springer – әлемдік деңгейдегі ғылыми, техникалық және медициналық портфельдің жетекші өкілі, ол академиялық ортадағы зерттеушілерге, ғылыми мекемелер мен корпоративтік ҒЗТКЖ бөлімдеріне инновациялық ақпарат, өнімдер мен қызметтер арқылы сапалы контент ұсынады.


Scopus - Рецензияланған әдебиеттердің – ғылыми журналдардың, кітаптардың және конференция материалдарының рефераттары мен дәйексөздерінің дерекқоры. Scopus 25 000 белсенді басылым мен 7 000 баспаның контентін индекстейді.


Web of ScienceПәнаралық және аймақтық көрсеткіштер индекстеріне, арнайы деректерге және патенттік көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін рефераттық-библиографиялық қор. Платформа 159 миллионнан астам жазбалардың 1,7 миллиардтан астам сілтемелерін пайдалана отырып, 34 000-нан астам журналдарды іздеуге, барлық пәндер мен уақыт кезеңдері бойынша идеяларды қадағалауға мүмкіндік береді.


Science Direct – Рецензияланған ғылыми әдебиеттердің жетекші платформасы. Elsevier Science Direct 100-ден астам елдегі 1750 белсенді журналдардың 18 миллионнан астам мақалаларының толық мәтінін қамтиды.


Wiley Online LibraryЕң ірі академиялық баспа кітапханаларының бірі, 1600 журналдан 8 миллионнан астам мақала, физикалық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарды қамтиды. Wiley баспасының көптеген журналдары Scopus және Web of science ғылыми метрикалық платформаларында индекстелген.


БиблиоРоссикабұл зерттеушілерге, оқытушыларға және студенттерге арналған заманауи электронды-кітапхана жүйесі. БиблиоРоссика деректер қорында гуманитарлық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша өзекті ғылыми және оқу әдебиеттерінің жинақтары ұсынылған.


РМЭБ – еспубликалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхананы құру туралы меморандум. Бұл Меморандум қатысушылардың Республиканың электрондық білім беру ресурстарын бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіру – Республикалық жоғары оқу орындары аралық кітапхана (РМЭБ) – профессор-мұғалімдер құрамын, студент, бакалавриат, магистранттарды заманауи ақпараттық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мақсаты мен ниетін жүзеге асыру үшін бекітілді.


Университетская библиотека онлайн - Жетекші ресейлік баспалардың білімнің барлық салаларындағы ғылыми және оқу басылымдарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін электронды кітапхана. Басылымдар каталогі жүйелі түрде жаңа өзекті әдебиеттермен толықтырылып отырады және қазіргі уақытта 100 мыңға жуық атауды қамтиды.

 


Ашық қолжетімді деректер қоры

ҚАЗҰЭК - жүйесін құрудың мақсаты – электрондық құжаттардың ұлттық кітапхана қорын қалыптастыру және олардың Қазақстанның біртұтас әлеуметтік-мәдени кеңістігін дамытудың негізі ретінде барлық санаттағы пайдаланушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықаралық ақпарат алмасу тиімділігін арттыру.

Қазақстанның ашық университеті – еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен мамандары бірлесе әзірлеген онлайн-курстарға тегін қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатын білім беру платформасы.

EU Bookshop – Еуропалық Одақтың әртүрлі білім салалары бойынша жарияланымдарының тегін онлайн мұрағаты.

Open Access Publishing in European Networks (OAPEN) – білімнің әртүрлі салалары бойынша 700-ден астам толық мәтінді PDF кітаптарын ұсынатын тегін ресурс. Деректер базасын Еуропадағы университеттік ғылыми баспалар консорциумы қолдайды.

Directory of Open Access Books (DOAB) ашық қолжетімді электронды кітапхана. DOAB негізгі мақсатыашық қолжетімді кітаптардың қолжетімділігін арттыру. Қазіргі уақытта 50 ірі баспаның 1410-нан астам кітабы ұсынылған.

OpenEdition – Open Edition гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы электрондық ресурстарға арналған төрт платформаны біріктіреді: OpenEdition Books, Revues.org, Hypotheses, Calenda. Open Edition бұл ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге, мыңдаған құжаттарды еркін қол жетімді етіп жариялауға арналған кеңістік. Қазіргі уақытта платформаларда 1500-ден астам кітаптар мен 400-ден астам журналдар бар.

JSTOR — Open Access monographs – JSTOR Компаниясы өзінің ашық қолжетімді кітап платформасында (Open Access monographs) таныстырудың жаңа бағдарламасын бастады. Бүгінгі таңда платформада University of California Press, University of Michigan Press, UCL Press, and Cornell University Press төрт беделді баспасынан 63 монография ұсынылған. 2017 жылы компания кітаптар тізімін бірнеше жүз аталымға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Intechopen кітаптарды ашық қолжетімділікте жариялай бастаған әлемдегі алғашқы және ең ірі баспа. Негізгі тақырыптық бағыты – физика және техникалық ғылымдар, технологиялар, медицина ғылымдары, өмір туралы ғылымдар. Сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша кітаптар жинағы бар. 2004 жылдан бастап баспа 87000-нан астам авторлармен серіктес болды және 1500-ге жуық кітаптар мен 6 журнал шығарды. Ұйымның жалпы мақсаты – зерттеушілерге ғылыми жұмыстарды әлемнің әртүрлі елдеріне таратуға көмектесу. Баспаның оқырмандары – ғалымдар, университет профессорлары, студенттер және ғылыми кітапханаларға келушілер. InTech: 1500-ге жуық ғылыми басылымдарға еркін қолжетімді.

Arxiv Cornell University Library құрылған ресурс. Физика, математика, информатика, биология, сандық қаржы және статистика бойынша 1 миллионнан астам электрондық баспа басылымдарына ашық қолжетімді.

Questia Online Library – 1800-1930 жылдардағы 5000-нан астам кітап Questia платформасында кез-келген Интернет қолданушы үшін тегін, ашық.