Электрондық кітапхана желісін пайдалану туралы онлайн-вебинар

Ағымдағы жылдың 11 наурызында сағат 17:00-де Академияда «Библиороссика» ЭКЖ» онлайн-вебинары өтеді, оның барысында қатысушылар базалық коллекциялармен және электрондық кітапхана желісінің каталогындағы жаңалықтармен жұмыс істеу қағидаларын талқылайды. Іс-шараға қатысу үшін Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары шақырылады.

Онлайн-вебинар ZOOM платформасында өтеді, конференция идентификаторы – 8322572488, кіру коды – 123456.

«Моя мама лучше всех!» атты авторлық өлеңдер байқауы өтті

   8 наурыз қарсаңында Академия кітапханасында «Моя мама лучше всех!» атты авторлық өлеңдер байқауы өтті. Байқауға 4 А, 4 Б, 5 А, 6 А, 6 Б, 8 А сынып оқушылары қатысты. Бұл күні балалар аналарға деген сезімдерін өлеңдер арқылы жеткізді. Оқушылардың аналарына арнап дайындаған өлеңдері шексіз махаббатқа, жылулыққа және ризашылыққа толы болды.
   Байқау барысы негізінде бейнеролик түсіріліп, Академия сайтына орналастырылды. Іс-шара байқауға қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттау рәсімімен аяқталды.

 

Анна Франктың «Пана: Хат түріндегі күнделік» кітабы аясында өткізілген «Ең үздік эссе» байқауының жеңімпаздарын марапаттау

    2021 жылдың 24 ақпанында кітапханада Холокост кезінде қаза тапқан кішкентай еврей қызы Анна Франктің күнделігі бойынша өткізілген  «Ең үздік эссе» байқауының жеңімпаздарына алғыс хаттар салтанатты түрде тапсырылды. Еврей халқының геноцидіне қатысты тақырып Академия оқушыларының жүректеріне терең әсер етті. Олар өздерінің күрсініске толы сырлары мен  толғандыратын ойлары жайлы «Түйсігі  терең Анна және Китти күнделігі»,  «Анна Франк күнделігі туралы терең сыр» атты эсселерінде жазды.

«Наш Александр Селезнёв»: кезекті READх кітапханада.

                                       «Наш Александр Селезнёв»: кезекті READх кітапханада.

Барлық өнер сүйер қауымды 26 ақпанда сағат 16:00-де Л.А.Жуйкова, А.А.Садыкова, Д.Д.Уразымбетовтың «Наш Александр Селезнёв» атты кiтабын талқылау үшiн READx - online жобасынa катысуға шақырамыз.



Яндекс.Метрика