Меню

Magic English

Magic English

 

             2025 жылдың 11 ақпанында Қазақ ұлттық хореография академиясында 3-сынып оқушылары арасында ағылшын тілін дамытуға бағытталған іс-шара өтті.

         Іс-шараны «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының Өнер факультетінің студенттері Турарова Арайлым, Хусаинова Диана және Маканова Инкар кітапхана қызметкерлерімен бірлесіп, ағылшын тілі оқытушысы Қыпшақбаева Айгерім Қуанышбекқызының жетекшілігімен ұйымдастырды.

         Іс-шараның мақсаттары:

         1.      Қарым-қатынас дағдыларын дамыту: оқушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлесу қабілетін интерактивті тапсырмалар мен диалогтар арқылы жақсарту;

         2.      Сөздік қорды кеңейту және тыңдау дағдыларын дамыту: ойындар мен әңгімелер арқылы оқушылардың сөздік қорын байытып, тыңдау дағдыларын жетілдіру;

         3.      Ағылшын тілін оқуға деген оң көзқарасты қалыптастыру: оқушыларды ынталандырып, өзіне деген сенімін арттыратын қызықты және қолдаушы атмосфераны құру.

         Академияның балалар кітапханасының ресурстарын пайдалана отырып, оқушылар ағылшын тілінде театрландырылған қойылым көрсетіп, интеллектуалдық ойындар ойнап, достық туралы әндер орындады.