Меню

Book Time клубының кезекті отырысы

Book Time клубының кезекті отырысы

📚 Book Time клубының кезекті отырысы
Кітапханамызда «Book Time» кітап оқу клубының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы оқырмандар Бердібек Соқпақбаевтың «Ана жүрегі» шығармасы мен Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын бірге оқып, пікір алмасты.
Шара барысында қатысушылар кейіпкерлер бейнесіне терең үңіліп, шығармалардағы автордың айтар ойларына тоқталып, мазмұнды әңгімеледі. Соғыс жылдарындағы ана жүрегінің сағынышы мен сарғайған үмітін, сондай-ақ ерлік пен отансүйгіштікті арқау еткен поэтикалық жолдарды терең түсініп, ой-пікірлерімен бөлісті.
Іс-шара аясында оқу сауаттылығын арттыру, мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын дамыту бойынша «Сөздік мозаика» атты практикалық тапсырма өткізілді. (НЗМ кітапханаларының тәжірибесінен)