Құрметті әріптестер, оқытушылар мен студенттер!

​   2021 жылғы 28 сәуірде сағат 17:00-де «Web of Science» деректер базасын және қазіргі заманғы ғылыми-метрикалық әдістемелерді пайдалану бойынша Zооm платформасында онлайн-семинар өтеді.

   Семинар барысында Сіздер сапалы ғылыми ақпаратты іздеудің жаңа ғылыми-метрикалық құралдарымен және ғылыми беделге ие болудың жолдарымен таныса аласыз.

Академия кітапханасында «Бес минуттық оқу» акциясы жарияланды

   2021 жылдың 22 сәуірінде кітапханада 8А сынып оқушылары арасында «Бес минуттық оқу акциясы» өз жұмысын бастады.

   Күнделікті бес минуттық оқу – ¬ бұл кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту тәсілі. Бұл шараның негізгі ережелері: мұғалімнің бақылауынсыз, оқылған материалды талқылаусыз, кітапты құштарлықпен оқу!

Отбасымызбен бірге оқимыз

   Қазақ ұлттық хореография академиясы кітапханасында «Оқуға құштар Академия – оқуға құштар ұлт» акциясы аясында «Отбасымызбен бірге оқимыз» жобасы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты - оқуды насихаттау, оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру. Отбасылық оқу атмосферасы балалардың оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеудің негізгі факторы болып табылады. Отбасылық оқу, анасымен бірге кітап оқу-балалық шақтың ұмытылмас уақыты, жас баланың болашақтағы сәтті тағдыры.



Яндекс.Метрика